22.11.2024

Шымкенттегі «Халықаралық білім көрмесіне» Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері қатысты

Шымкент қаласында әлемдік жоғарғы оқу орындары сьезі аясындағы көрменің екінші күні өтіп жатыр. Бұл іс-шараны  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды аталған ұйымның баспасөз қызметі.

Көрмеге әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 200-ге жуық жоғарғы оқу орындары қатысуда. Шымкенттегі көрме жұмысын Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов тамашалады.

«Жалпы көрмеге 40 елден келген 200-ге тарта университет өкілдері қатысып жатыр. Ал, Шымкент қаласындағы көрмеге 96 жоғарғы оқу орнынан келген 150 шетелдік өкілдер қатысуда. Сонымен қатар бұл университеттердің 60% қазақстандық азаматтар үшін тегін тұратын орын мен стипендия беруге дайын. Кейбір жоғары оқу орындары бір жылдық тіл үйрену курстарынан өту мүмкіндіктерін береді», – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

Көрме аясында білім беру саласындағы шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, көрме қатысушылары үшін уәждемелік хаттарды және халықаралық тестілеулерді жазу бойынша тәжірибелік мастер-кластар өткізілетін болады.

Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Жапония, Швейцария, Польша, Венгрия, Испания, Литва, Оңтүстік Корея, Қытай және т.б. еуропалық стандарттары бойынша білім беретін жоғары оқу орындары қатысады.

Сондай-ақ, көрмеге жалпы тегін білім беретін Финляндия, Чехия, Германия, Франция елдерінің жоғары оқу орындары қатыспақ. Аталған елдерге тегін оқуға түсу үшін тек құжат жинап, конкурстық іріктеуден өту қажет, бұл жұмыста Халықаралық бағдарламалар орталығы талапкерлерге көмек көрсетуге дайын.

Көрменің негізгі мақсаты Қазақстан азаматтарының шетелде тегін білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және отандық жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Шымкентте вице-премьерлер  көрмеге келген оқу орындарының ұсыныстарымен танысып, сонымен қатар, көрмеге қатысушылардың бірі болып табылатын АҚШ-тың Колорадо шатытының Форт Коллинс қаласының мэрі Wade  O.  Troxell мырзамен танысты. «Бұл Қазақстан мен Өзбекстан жастарының Еуропаның сапалы оқу орындарында білім алулары үшін жасалған жақсы мүмкіндік», – деп атап өтті Асқар Мамин өзінің Өзбекстандық әріптесі Ачилбай Раматовпен әңгімесінде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та біз Қазақстан үшін ең тиімді дүниелерді алып келіп, әлемнің ең үздік университеттерінен білім ала отырып диплом культінен білім культіне ауысуымыз қажеттігі жайында айтқан болатын.

Көрмемен таныстыру барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов: «Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі Қазақстанды Орталық Азиядағы «білім хабы» қылу десек, алдымен өз жоғарғы оқу орындарымызды белгілі бір дәрежеде әлемдік деңгейдегі университеттермен қатар тұра алатындай етіп даярлап шығару. Міне, осыған байланысты, өткізілгелі отырған «Халықаралық білім көрмесінде» еліміздің университеттері шетелдік мамандардан тегін мастер кластар алуды ұйымдастырып отырмыз. Олардың ең жақсы деген модульдері мен жеткен жетістіктерінен өзімізге қажеттілерін үйренуіміз қажет», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, көрмеге қатысушы әлемнің ең мықты университеттерінің өкілдері жаңадан құрылған Түркістан облысы үшін қажетті барлық мамандарды қамтамасыз етіп беруге дайын екендіктерін білдірді.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА