22.11.2024

Асхат Аймағамбетов. ЖОО-ға берілген еркіндіктер

ЖОО-на берілген академиялық, басқару және қаржылай дербестік білім сапасына қалай ықпал етеді? Және осы жағдайда ЖОО-ның талабы мен жауапкершілігі қалай күшейтіледі? Осы сұраққа қысқаша тоқтала кетуді жөн көрдім.
​Бұл бағытта саланы нақты нарықтық және экономикалық механизмдер арқылы реттеуге бағытталған жүйелі шаралар, сонымен қатар, императивті шаралар қолға алынуда.

1. Академиялық еркіндік
«Білім туралы» Заңға түзетулердің енгізілуі ЖОО білім бағдарламаларының жүйелі түрде жаңартылуы мәселесінің шешілуіне жол ашты, яғни қазір жоғары оқу орындарының «өз еркі өздерінде». Университеттерде енді жалпы білім беру циклінің философия, Қазақстанның заманауи тарихы, қазақ және ағылшын тілдері, ІТ және т.б. сияқты пәндерінен басқа пәндерден типтік оқу бағдарламалары болмайды.
​Қалған пәндер білім бағдарламаларының 80%-н құрайды, сол пәндердің оқу бағдарламаларын ЖОО-ы өздері жасақтай алады.
​Енді ЖОО-ры үшін ең бастысы кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары, өйткені, болашақ білім бағдарламалары солардың негізінде құрылады.
​Бұрын қалай болып еді? Бұрын барлық мамандықтар бойынша бекітілген типтік бағдарламалар болды және, ең бастысы, ЖОО бағдарламаларының осы типтік бағдарламаларға сәйкестігі талап етілді. Ол бағдарламалардың тұрақты түрде жаңартылуы жүргізілген жоқ, ол мүмкін де емес еді, ал олардың сапасы жақсартуды қажет етті. Қазір ше? Қазір бағдарламалардың 80%-н мемлекеттік орган емес, нарық жасақтаған кәсіби стандарттар негізінде ЖОО өзі жасақтайды. Бұл сапа беретіні анық.
​Сонымен қатар, лицензиялау рәсімі де өзгеруде. Енді оқу орындарын лицензиялау жеке мамандықтар бойынша емес, бірнеше білім бағдарламаларынан тұратын дайындық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәртіп ЖОО-рына өз қызметін нарық сұраныстарына және конъюнктурасына сай шапшаң ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұрын жаңа мамандық ашу процесіне үш жылға дайін уақыт кететін – бұл арада мамандықтары ескіріп үлгеретін және уақыт жоғалтатын. Қазір барлық процесс жеңілдетілген түрде жүреді: ЖОО лицензияны бағыт бойынша иеленеді, соның аясында университет өзі, қосымша бюрократиясыз, жаңа бағдарламалар аша алады және мамандар дайындай алады.
​Сәйкесінше, дайындық бағыттарының жаңа классификаторы да ЖОО-ры дайындайтын барлық мамандықтар тізбесін қатаң тәртіптемейтін болады. Бұдан былай, классификаторда ірілендірілген түрде тек салалар мен дайындық бағыттарының тізбесі көрсетіледі, ал білім бағдарламалары ЖОО-ры тарапынан жасақталады және дербес жүзеге асырылады, сонан кейін реестрге енгізіледі.
​Жалпы, біз барлық білім бағдарламаларын 2019 жылдың соңына дейін жаңартуды жоспарлап отырмыз.

2. Академиялық адалдық
​ЖОО қызметінің типтік ережелеріне біз алғаш рет студенттердің барлық жазба жұмыстарын міндетті түрде көшіргендігіне немесе түп нұсқалығына – антиплагиатқа тексеру талабын енгіздік. Барлық рефераттар, курстық немесе дипломдық жұсмыстар бұдан былай міндетті түрде осындай тексеруден өтетін болады. Әшейін Интернеттен көшіріп алу немесе кез-келген жазба жұмысты басқа жолдармен табу дегенге бұдан былай жол берілмейді. Бұл шараның уақытша шара емес екендігін түсіну қажет, сондықтан, студенттер сапалы жұмыстар дайындауға үйренуі тиіс.
​Оның үстіне, қазір академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тіпті ЖОО-нан шығаруға дейін санкциялар қарастырылған.
​ЖОО-ры Академиялық адалдық кодекстерін жасақтап, енгізетін болады.

​3. Академиялық талап етушілік
​Осы жылдың жазында еліміздің іргелі ЖОО-рының ректорлары тарапынан Академиялық адалдық лигасын құруға ұсыныс жасалды. Бұл ЖОО-ры өз еркімен, басқа шаралар қатарында, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау талаптарын қатайтып отыруға міндеттеме қабылдады. Студенттерге академиялық талап етушіліктің төмендігі жоғары білім беру жүйесі проблемаларының бірі болып табылады.
Өздеріңіз ойлап көріңіз, қалыптасқан жоғары білім беру жүйесі ЖОО-на талапкерлерді тиянақты қабылдауға ерекше көңіл бөлуге бағытталған, және оқу мерзімінде оқудан шығару деген толығымен жоқ.
​Талдау қорытындыларының көрсетуінше, студенттердің соңына дейін оқуы немесе бітіру үлесі бізде орташа 93%-ті құрайды. Қалған 7% студенттердің тек 2%-і ғана – төмен үлгерімге бола оқудан шыққандар. Студенттердің көбі ЖОО-мен байланысты үзгені үшін, басқаша айтқанда, сабаққа келмегені үшін, оқудан шығарылады.
​Әлемдік тәжірибе өте қарама-қайшылықты статистиканы көрсетеді – соңына дейін оқу деңгейі мен кадрларды дайындау жүйесінің табыстары арасындағы корреляцияны табу қиын. Солай бола тұрса да, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, АҚШ мен Еуропада соңына дейін оқу деңгейі 50%-тен, Ресейде – 81%-тен аспайды. Ал енді осы көрсеткіштерді біздің 93%-пен салыстырыңыз. Қалай болғанда да, студенттерге академиялық талап етушілікті күшейту қажеттігі туындап тұр.
​Қазақстандық ЖОО-рының кейбіреуі, әсіресе, табысты ЖОО-ры, жылдар бойы осы жүйені жүзеге асырып келеді. Нәтижесінде, олардың түлектері еңбек нарығында ең жоғары сұранысқа ие түлектер болып отыр.
​Міне, сондықтан да, ЖОО-рының өздерінің жауапкершілігін арттыру, студенттерге және оқыту сапасына талабын күшейту, студенттерді қабылдау, жұмысқа тарту немесе оқу нәтижелерін бағалау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, жазба жұмыстарының барлығын антиплагиатқа тексеру – мұның бәрі Лиганың негізгі принциптерінде жазылды.

4. ЖОО түлектерін сертификаттау – сапаны қамтамасыз ету бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылатын шаралардың бірі. Жакқсы оқитындарға, емтиханды жақсы тапсыратындарға және білімдерін дәлелдей алатындарға еш нәрседен қорқудың қажеті жоқ. Алайда, өкінішке орай, сабаққа толық қатыспай, кейін сессияны, қалай да тапсырып шығатын студенттер де бар. Бұны мойындамағанымыз дұрыс болмас еді. Нәтижесінде, мұндай түлек ешқандай арнайы білімсіз диплом алып шығады. Бұндай жағдайлармен күресу қажет.
​Нашар түлектермен күрестің бір тәсілі – Біліктіліктің Ұлттық жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретіндегі тәуелсіз сертификаттау жүйесі. Ол бітірушілердің құзіреттілігін бағалауға бағытталады, нәтижесінде, біліктілік беріледі. Сондықтан, оқу жетістіктері мен дайындығын бағалату үшін, диплом алған студент жұмысқа орналаспас бұрын, сертификаттаудан өтуі тиіс. Сертификат арқылы жұмыс беруші кандидат құзіреттілігінің кәсібіне және біліктілігіне сәйкестігіне көз жеткізеді.
​Яғни диплом еңбекке орналасуға құқық бермейді және бұл 2021 жылдан бастап реттелетін кейбір мамандықтарға қатысты іске асырылатын болады. Сертификаттау рәсімі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдерінде (Австралия, Ұлыбритания, Ирландия, Норвегия, Түркия, Финляндия, Корей Республикасы) енгізілген және өз нәтижесін көрсетуде. Мысалы, сіз құқықтануды бітіре аласыз, бірақ бұл диплом сізге адвокат болу құқығын бермейді, адвокат болу үшін адвокаттар коллегиясы немесе ассоцациясы сияқты тәуелсіз ұйым өткізетін арнайы емтихан тапсырасыз, немесе аудиторлар бойынша – аудитор дипломы аудиторлық қызмет атқаруға құқық бернмейді, ол үшін аудиторлар ассоцациясынан се,ртификаттаудан өту қажет, немесе медицина бойынша – медициналық университет бітіргеніңіз жөніндегі диплом сізге дәрігер болуға құқық бермейді, ол үшін арнайы емтихан тапсырып, сертификат алған жағдайда ғана мамандық бойынша жұмыс жасауға болады, осылайша, басқа да дайындық бағыттары бойынша. Айтпақшы, біздің елде медицина, құқық, қаржы және т.б. салаларда сертификаттау институттары жұмысын бастады. Бұл жүйе білім нарығынан нашар ЖОО-рын шығарып тастайды және мұндай ЖОО-рының бағдарламалары мен бітірушілері өз біліктілігін дәлелдей алмайды, сәйкесінше, жұмысқа орналаса алмайды.

​5. Тағы бір шара – мемлекеттік үлгідегі дипломдардың жоққа шығарылуы және әр ЖОО-ның өз дипломының берілетіндігі. Бұл талап заңнамаға енгізілді және ол 3 жылдан кейін жүзеге аса бастайды. Диплом үшін мемлекет емес, әр ЖОО-ның аты мен беделі қойылған кезде, нарық нақты ЖОО-ның дипломын бағалайтын болады, және қажетті сапаны қамтамасыз ете алмайтын, нарық талабына жауап сәйкес келмейтін ЖОО-ры жабылатын болады.​​

​6. Жұмыс берушілер рейтингі. «Атамекен» ҰКП өткізетін ЖОО-ның білім бағдаламаларының рейтингісінің біз үшін маңызы зор. Жұмыс берушілер рейтингінің нәтижелері бойынша 85 ЖОО-ның ішінде 85-орында тұрған бағдарламаны және оның дипломының танылмайтындығын көрген талапкер бұл ЖОО-ын таңдамайды. Бұл рейтингтің нәтижелері, өз кезегінде, басқару шешімдерін қабылдау үшін де маңызды болып табылады.

​7. ЖОО-рын басқару автономиясы. Заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер аясында 16 құзіреттілік министрлік тарапынан ЖОО-рына берілді. Бұл тәртіп ЖОО-рына өз деңгейінде шұғыл шешімде қабылдауға мүмкіндік береді. Солардың біреуі – педагогиқалық құрамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту құзіреттілігі. Бұл құзіреттілік ЖОО-рына кадрларды өндірістен тартуға, оларға тиесілі еңбекақы тағайындауға және т.б. мүмкіндік береді. ЖОО-рына кең құзіреттіліктер берумен қатар, корпоративті басқару органдары (байқау/директорлар кеңестері) ықпалының мүмкіндіктері күшейтілді, оларға кең құқықтар берілді.

8. Бітірушілерді еңбекке орналастыру маңызды көрсеткішке айналып отыр. Егер ЖОО-нында қайсыбір мамандықтар бойынша түлектердің еңбекке орналасу көрсеткіші төмен болса, министрлік лицензиялардың бұл мамандықтар бойынша қосымшаларын қайтарып алады. Бұл мынадай мәселені де шешеді. Мысалы, «Құқықтану» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс бөлінбейді, солай бола тұрса да, оған ақылы негізде оқуға өте көп талапкер ниет білдіреді, кейін оларға нарықтан сұраныс жоқ. Бірақ ЖОО-ры оған қиналмайды, ақылы негізде оқуға бәрін қабылдайды. Ал қазір еңбекке орналастыру критерийі енгізілген кезде, мамандарды нарықтың сұранысына сай дайындау мәселесі шешіледі және сұраныс жоқ мамандықтарға ақылы негізде қабылдау арқылы ЖОО-на лицензиясынан айырылу қаупі туады. Ол ЖОО абитуриентті қабылдамас бұрын екі рет ойланады, еңбекке орналасу проценті төмен болса, лицензияның қосымша сы қайтарылады.
Жалпы, студенттерге академиялық талаптардың күшеюі, академиялық адалдық принциптерінің, антиплагиаттың енгізілуі, бағдарламаларды жасақтаудағы икемділік принципі және академиялық дербестік, мұның бәрі сапаны қамтамасыз етуге жұмыс жасайды.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов. ҚР Білім және ғылым ВИЦЕ-МИНИСТРІ

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА