22.11.2024

«Дарын» республикалық орталығының директоры тағайындалды

 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Камила Башарова «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалды.

Орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Камила Қуанышбайқызы – дарынды балалармен жұмыс істеуге машықтанған еліміздегі танымал мамандардың бірі, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері,  «Олимпиада қозғалысына адалдығы үшін» аталымының «Олимп шыңына жетелеуші» атағының бірнеше дүркін иегері, сонымен қатар балаларды тиімді оқытуға ықпал ететін «Научись легко учиться» курсының авторы және әзірлеушісі.

«Дарын» 1998 жылы Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған. Орталықтң негізгі мақсаты – Қазақстанның дарынды балаларының әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, дамытуға және жүзеге асыруға жағдай жасау.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА