22.11.2024

Қазақстанда жоғары білімді адамдар саны 2 есеге артты

Соңғы 15 жылда Қазақстанда жоғары білімі бар мамандардың үлесі 2,2 есеге артты. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты.

«Соңғы жылдары мемлекеттік жастар саясаты саласында жүргізілген жұмыс аясында бірқатар бағытта оңтайлы қарқын байқалып отыр. Жастар халықаралық стандарттар деңгейінде орта және жоғары білімге қол жеткізді», – деді Дархан Кәлетаев.

Оның сөзінше, 15 жылда жоғары білімді 2 миллионнан астам кадр дайындалды. «Жоғары білімді мамандарды шығару 2,2 есеге артты. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары 18 пайызға өсті. Білім сапасы жастар үшін басты «әлеуметтік лифтіге» айналды», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА