22.11.2024

Қарағандылық оқушылар киіз үй тігуді үйренді

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы киіз үйді тігуге қатысты тренингтер өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушыларға арналған «Этноконструктор» ойыны халық мәдениетін, тарих пен рухани мұраны насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасы аясында әзірленген.

Ойынды өз көздерімен көріп, танысуға №16 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары жиналды. Келген балаларға қазақ тарихы туралы баяндалды. Оларды киіз үйдің негізгі бөліктерін таныстырды. Сонан соң оқушылар мамандардың жетекшілігімен экологиялық таза материалдардан жасалған «киіз үй» этноконструкторын құрастырды.

Қарағандылық оқушылар киіз үй тігуді үйренді

Киіз үйдің шаңырағы отбасылық жәдігер болып саналып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Киіз үй халқымыздың көшпенді өмірінің болмысын көрсетеді жәнеде оның қай жағынан қарасаң да ұтымдылығы басым. Суықтан да, ыстықтан да қорғай алатын жақсы қасиеттерге ие баспана болған.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА