22.11.2024

Мұрат Бақтиярұлы: Ұлттық бірыңғай тестілеудің бүгінге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелері жетерлік

Дидар Смағұлов ұлттық тестілеу орталығының директоры болып тағайындала салысымен өзіне дейін осы лауазымды атқарып қылмыстық жауапқа тартылған азаматтың “байские замашкаларын ” сынға алыпты. Әрине , өзінің бұрынғы әріптесін сынау оның жеке шаруасы. Бұл екі азаматтың екеуінде өз басым дұрыс танымаймын да, кездескен емеспін де. Менің білетінім, мемлекеттік маңызы бар Ұлттық бірыңғай тестілеудің өзінде осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелердің көптігінде. Олар: біріншіден , тест сұрақтарының мазмұны мен формасындағы кемшіліктер; екіншіден, былтырдан бастап ҰБТ тек ЖОО – түсу үшін қалдырылғанын ескерсек, мемлекеттің қыруар қаржысын шығындайтын аудандардағы тестілеу орталықтарының қандай қажеттілігі бар екенін түсінбеймін. Өйткені аудан орталықтарында ҰБТ тапсыру кезінде көмектесу секілді келеңсіз көріністер жылда орын алып келе жатқанын теріске шығаруға болмайды. Ешбір мемлекетте ЖОО ға түсу емтиханын аудандарда тапсырғанын көрген емеспін. Сондықтан да оны облыс орталыктары мен республикалық маңызы бар қалалардағы университет ғимараттарында маусымның 25 – н шілденің 15- не дейін өткізуге болады. Алыс ауылдардан келген талапкерлерге тегін жатақана беруге мүмкіндік бар; үшіншіден ,жаңа ереже бойынша ҰБТ – н төмен балл алған талапкеркерлерге жылына бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік берілген. Он бір жыл бойы мектепте нашар оқыған балаға қайта қайта тапсыртып жоғары білім бергеннен онан ертең қандай дәрігер, қандай мұғалім, қандай инженер шығатынын көз алдыма елестете алмаймын; төртіншіден , ҰБТ- ң негізгі пәндерінің бірі және оның балдық көрсеткіші есепке алынатындай барлық мамандықтарға қазақ тілін енгізудің уақыты келді деп есептеймін. Бұл саяси нәрсе емес, кез келген мемлекетте жоғары білім алған азамат сол елдің мемлекеттік тілін білуін міндеттеудің жолы. Бұл мәселелерді парламент қабырғасында бірнеше рет көтерген болатынбыз. Өкінішке орай министрлік тарапынан қадам жасалған жоқ. Жаңадан келген министр назарға алып тиісті жұмыстар жасайды деп есептеймін.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА