22.11.2024

ҰБТ деректерін сатып алу мүмкін емес -БҒМ

Тестілеу пунктерінде ұялы байланыстың бұғатталғанына қарамастан, ҰБТ-ның бірінші күнінде телефон алып кіргендер болған.

Орталық коммуникациялар қызметінде ҰБТ-ның алғашқы күнгі қорытындыларын жариялаған ҚР БҒМ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев заңсыз құралдар алып кірген түлектің ешбірі залдан шығарылмағанын айтады.

«Біздің мақсатымыз заң бұзған түлектерді жазалауды көздемейді. Алғашқы күннің өзінде заңбұзушылықтар болды. Шпаргалка, ұялы телефон алып кірмек болғандар ұсталды. Ондай түлектерді шығарып жіберу оқиғасы тіркелген жоқ. Бар болғаны, қолындағы заңсыз «көмекшісін» тәркілеп отырдық. Дегенмен, заңбұзушылықтар саны былтырға қарағанда аз», – дейді Әділет Тойбаев.

Сондай-ақ, ол шектік балл жинай алмаған түлектерге тағы да мүмкіндік берілетінін еске салды.

«Өтпей қалғандар саны былтыр деңгейде деуге болады.  Яғни, 24,5 пайыз Олар енді тамыз айында қайта  бақтарын сынайды», – деген министрлік өкілі ата-аналарға тест деректерін сатуға бағытталған жарнамаларға сенбеу керектігін ескертті.

«Әлеуметтік желіде ҰБТ-ға қатысты келеңсіз деректер мен дәлелдер тарағанын білесіздер. Оның көбі бойынша құқық қорғау орындарына ұсынымдар бердік. ҰБТ деректері мемлекеттік құпия деңгейінде сақталатындықтан, оны сатып алу мүмкін емес. Сондықтан да ата-аналарды бөгде адамдар ұсынған «көмектерге» сақ қарауға шақырамыз», – деді ол.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА