23.11.2024

Балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қашан қамтылады?

Халықпен есеп беру кездесуінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі білім сапасын көтеру жұмысына екпін қойылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта елімізде 10 мыңнан аса мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 881 мың бала барады. Бірақ кезекте әлі 118 мың бала тұр. Ендігі негізгі мақсат – осы балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 100 пайыз қамту. Бұл деңгейде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі жақсы жұмыс істеуде. Жеке балабақшаларды жаппай ашу үшін санитарлық ережелер мен нормалар жеңілдетілді. Нәтижесінде, біз 95 пайыз қамтуға қол жеткіздік», – деп тоқталды министр.

Осы орайда ол қалалар мен өңірлердің аудан орталықтарында сыбайлас жемқорлық жағдайларын және кезектіліктің қайталануын болдырмау мақсатында балабақшаларға жолдама беру қызметі автоматтандырылғанын атап өтті.

«Кадрлардың сапалық құрамын жақсарту үшін тәрбиешілер біліктілігін арттырудың бірыңғай жаңартылған бағдарламасы әзірленді және енгізілді. Мектепке дейінгі ұйымдардың 20 пайызында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған. Оларға балабақшаға бірінші кезекте орналасу құқығы берілді», – деді ведомство басшысы.

Балалар мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қашан қамтылады

Оның атап өтуінше, алдағы уақытты мектепке дейінгі білім саласында іске асырылатын бірнеше мақсат бар.

Бұл тұрғыда 1 және 3 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету; мектепке дейінгі білім сапасын көтеру; балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; балабақша тәрбиешілерінің жалақысының төмендігі; балабақшаларды лицензиялауды қайта қарастыру секілді бағыттар қамтылған.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА