23.11.2024

Қаржы жымқыру күдігімен білім министрінің көмекшісі ұсталды – Жемқорлыққа қарсы агенттік

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтап, ҚР Білім және ғылым министрінің көмекшісін қамауға алды.

«Оған студенттер үшін жазғы білім беру стартап мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қарыжыны қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік келтіріліп отыр. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген таратылған мәліметте.

Аталған күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның айыптылығының деңгейін анықтай отырып, сот белгілейтін болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА