22.11.2024

Президент Алматыдағы мектеп құрылысын жандандыру керектігін ескертті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы кездесу барысында мектептер мен балабақша тапшылығы туралы айтты.
Алматыдағы орта мектептерде 30 мыңнан астам орын тапшы. Кейбір білім мекемелерінің бастауыш сыныбында 40 бала оқиды. Маған хабарлағандай, 173 мектептің сыныбында оқушылардың саны 50-ге дейін өскен. Соңғы бес жыл ішінде 4200 орындық 5 жаңа мектеп салыныпты, яғни жылына бір мектеп. Бұл қанағаттарлықтай көрсеткіш емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы балалар саны тек арта түсетіндігін, сондықтан бүгінен бастап тиісті инфрақұрылымды дайындау керек екенін атап өтті.

«Қаладағы 202 мектептің 21% -ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмысты жандандыруы керек, өйткені ертең бұл мектептер апатты болуы мүмкін. Алматыдағы оқушылардың 5% -на ғана тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл елордаға қарағанда, 10 есе аз. Қаражат тарту мәселесін жедел шешу қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Оның айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – балаларды балабақшамен қамтамасыз ету.

«Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 57 мың бала тұр. Сондықтан МЖӘ тетіктерін қолдана отырып, мектепке дейінгі білім берудің жаңа ұйымдарын енгізу қарқынын едәуір жеделдету қажет», – деп түйіндеді Қ. Тоқаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА