22.11.2024

Педагогтер үшін демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту қарастырылған…

Жаңа заң жобасында барлық педагогтер үшін демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Сондай-ақ, ол 2020 жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артатынын атап өтті.

Министрдің айтуынша, заң жобасында сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін педагогтерге 2 есе мөлшерде қосымша ақы төлеу көзделген. Бұл норма еліміз бойынша 182 мың сынып жетекшісіне және дәптер тексергені үшін үстемеақы алатын 165 мың мұғалімге қатысты.

Оған қоса, тәлімгерлік үшін педагогтерге жыл бойы 17 мың теңге қосымша ақы беру де ұсынылып отыр.

«Магистр атағы бар ұстаздар саны бойынша біз басқа мемлекеттермен салыстырғанда өкінішке орай соңғы қатарда келе жатырмыз. Сондықтан бұл мәселені де қолға алып отырмыз. Егер магистр атағы бар педагог мектепке келіп жұмыс істейтін болса, оларға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төлеу көзделеді», – деді министр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА