07.11.2024

Ауыл жастары үшін мал шаруашылығы мамандықтарына квота 50 пайызға ұлғайтылады

Ауыл жастары үшін мал шаруашылығы мамандықтарына квота 50 пайызға ұлғайтылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған.

Үкімет басшысының атап өтуінше, бүгінгі таңда ауылдық жерлерде тұратын талапкерлердің жоғары оқу орнына түсу кезінде ауылдық квота есебінен және жалпы білім беру тапсырысы негізінде екі мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота мөлшері 30 пайыз бекітілген. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ауылдық квота ауылда кадрларға қажеттілік бойынша сұраныстарға барынша жақын.

«Қазіргі кезде осы қаулыға «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша салаларда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін қабылдау квотасын 30-дан 50 пайызға дейін ұлғайту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап республикада «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050» жобасы іске асырылуда, оған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар ғана қатысады (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары). Олар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде 10 пайыз мөлшерінде қабылдау квотасы бекітілді«, – деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің дерегінше, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын, оның ішінде малшылар үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін микрокредиттер, мемлекеттік гранттар беру, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту сынды түрлері көзделген. Ауыл тұрғындары асыл тұқымды малды өсіру үшін осы құралдарды пайдалана алады.

«2019 жылы 17 774 микрокредит, оның ішінде ауылдық жерлерде – жалпы сомасы 59,6 млрд теңгеге 15 633 микрокредит (жылдық жоспардың 93,8%) берілді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамытудың негізгі салалары мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және қызмет көрсету (қоғамдық тамақтану пункттері, шаштараздар, ТҚС және т.б.) сияқты ауыл шаруашылығы салалары болып табылады. Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 43,3 млрд теңге сомаға 11 294 микрокредит беру жоспарланған», – деді Үкімет басшысы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА