23.11.2024

ҰБТ-да заңсыз әрекет жасағандар жыл бойы тесті тапсыру мүмкіндігінен айырылады

ҰБТ кезінде заңсыз әрекет жасаған түлектер жыл бойы тестілеу тапсыру мүмкіндігінен айырылады. Бұл туралы «Birge oqý» жобасының арналары арқылы өткен тікелей эфирде «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлім етті.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу процесіне өзгерістер енгізіліп отыр. Осы орайда заңсыз әрекеттерге талаптар күшейтілді деп айтсақ болады. Мысалы, бізде бұрын тыйым салынған зат аудиториядан табылған жағдайда ғана акт жасалып, оқушы тестілеуден шығарылатын болатын. Ал биылғы ҰБТ-ны өткізу қағидатына тоқталсақ, тестілеуде ғимараттағы металды іздейтін құрылғы аймағына дейін тестіленуші баладан тыйым салынатын зат табылған жағдайда, онда тиісті акт жасалып, түлек тестілеуге жіберілмейді. Бұл тұрғыда биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады», – деп түсіндірді Н. Дидарбекова.

Сонымен қатар аудиторияда тыйым салынған затпен ұсталған түлектің де тестілеу нәтижесі жойылып, осы жылы ҰБТ тапсыра алмайтын болады.

Бұдан бөлек Н. Дидарбекова кейбір талапкерлер өзінің орнына басқаларды тестілеуге жіберіп жататынын, бұл заңсыз әрекет жасағандарға тиісті жаза қарастырылғанын айтты.

«Мұндай жағдай бөгде адамды өзінің орнына кіргізуге талпынған түлекке де қатысты. Енді бұл әрекет үшін аталған адам жыл бойы емтихан тапсыра алмайды», – деді Ұлттық тестілеу орталығының өкілі.

Маманның пайымынша, мұндай шаралар талапкерлер арасында заңсыз әрекеттердің жолын кеседі.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА