22.11.2024

Алматы мектептері оқушыларға қашықтан білім беруге дайын ба?

Алматыдағы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның директоры Гауһар Мәнекеева онлайн форматта өткен жалпы республикалық педагогикалық кеңесте көтерілген мәселелер туралы айтып берді.

Гимназия директоры Гауһар Мәнекееваның айтуынша, бүгін өткен педагогтар кеңесіне 100-ден астам мұғалім, қамқоршылық кеңес мүшелері, «Darin» онлайн платформасының құрушысы қатысты.

Педагогикалық кеңесте жаңа оқу жылына дайындық, сабақ өту процесі талқыланды.

«Кеңес барысында қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі, 1-4 сынып арасындағы кезекші сынып жұмысы талқыланды. Мұғалімдер білім беру интернет платформасын пайдалану ережесімен танысты. Жаңа оқу жылында білім алушылардың бағалау ерекшеліктері де сөз болды. Ата-аналарымен тығыз байланыс орнату керектігі де айтылды»,– дейді №175 гимназияның директоры Гауһар Мәнекеева.

Оның сөзінше, мектеп жаңа оқу жылына 100 пайыз дайын.

«Қашықтан оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдасқан түрде бастағалы отырмыз. Гимназия компьютер, ноутбук, планшеттермен қамтамасыз етті. Техникалық құралдар, интернет бар. Мұғалімдер оқушыларға қашықтан білім беруге әзір. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан 155 балаға планшет беріледі. Оқушылардың білімін бағалау электронды журналдар арқылы жүзеге асырылады»,– деп атап өтті гимназия директоры .

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА