22.11.2024

«Ұлт тарихы оқушы көзімен» шығармашылық бәйгесінің қорытынды марапаттау кеші

Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстанның тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түркілер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей – Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміздің жылнамасындағы маңызы зор, мерейлі мереке екені айқын.

Бұл айтулы аймаңдай жылнаманы айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мерекеге айналдыру – барша Қазақ азаматының қасиетті борыштарының бірі.  Біз, Қазбілім (kazbilim.kz) порталы, айтулы күнге орай, барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық бәйге жарияған едік.

Шығармашылық бәйгенің мақсаты – жас ұрпақты патриоттық – тағылымдық тәрбиеге баулитын, елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көзқарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.

Шығармашылық бәйгеге шығарма қабылдау 18 ақпаннан басталып, 5 сәуір аралығында жалғасты. Порталымызға 30 – дан аса әр жанрдағы, әр деңгейдегі шығармалар келіп түсті. Шығармалар тұрақты порталдың оқушы ойы бөлімінде жарияланды. Шығармашылық бәйгеге келіп түскен шығармаларды әділ қазылар алқасы қарап шығып, мынадай қорытындыға келді:

Бас жүлде – Бакира Олжас. Дәуір келбеті. 30 мың теңге ақшалай сыйлық және дипломмен марапатталады.

Бірінші орын – біреу. Ерболғанова Жадыра. Азаттықты аңсаған Алаш арыстары. 20 мың теңге ақшалай сыйлық және дипломмен марапатталады.

Екінші орын – Электронды қазақ үй және дипломмен марапатталады.

Жанібекова Айкүміс. МЕН – АЛАШПЫН

Құрбанәлі Аманкелдіұлы. Елдік

Үшінші орын – Дипломмен және қосымша сыйлықтармен марапатталады.

Ыбырай Жұматай. Тастүлек

Жақсылық Ақтілек. Мәңгілікке жалғасқан достық

Дулати Еңсенов. Рейхстагқа ту тіккен қазақ

Ынталандыру – Мақтау қағазымен және қосымша сыйлықтармен марапатталады.

Амалбек Айгерім. Шындықтың шырақшысы

Аманжолов Таулан. Тарих сабағындағы ой

Айтолқын Асхатқызы. Шындыққа айналған болжам

Шығармашылық бәйгенің демеушісі: «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі.

Шығармашылық бәйгенің марапаттау рәсімі 16 сәуір күні сағат 13:00 – де Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейінде өткен болатын. Марапаттау рәсімінде қазылар алқасында болған танымал ақындар Серікзат Дүйсенғазин, Қалқаман Сарин, Ықылас Ожайұлы, Ербол Алшынбайұлы, Бейсен Ахметұлы, Жақсылық Орынбасар және сайттың бас редакторы Аятжан Ахметжан оқушыларды өлеңімен сусындатып, қатысқан оқушыларға өз кітаптарын сыйға тартқан еді. Сол кешті назарларыңызға ұсынамыз!

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА