22.11.2024

Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадада алты жүлдеге қол жеткізді.

18 қаңтарда Алматы қаласында математика, физика жәнеинформатика пәндерінен Жәутіков атындағы ХІІ халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Оған 17 мемлекеттен 63 команда (413 қатысушы) қатысты: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Болгария, Румыния, Сербия және Монғолия, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Олимпиада қорытындысы бойынша таяу және қиыр шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің жеті командасы анықталды. Командалық есепте Мәскеу қаласының (РФ) №1329 мектебінің командасы Гран-при иеленді.

Олимпиадада сарапқа салынған 191 медальдің 48-ін Қазақстан жеңіп алды, соның ішінде астаналық оқушылар 6 жүлдеге қол жеткізді.

20160119145958Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Бидайбек Санжар информатикадан 1-орын және алтын медаль алды. Сондай-ақ, Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Амангельдин Темірлан мен Низамедин Шайхитдин сәйкесінше, математикадан және информатикадан 2-орын мен күміс медаль алды. Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Елеуов Санжар да математикадан қола медаль иеленді; Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің 9-сынып оқушысы Нарбаев Бақдәурен мен Мейрам Серікболсын математикадан 3-орын алды.

ҚР ҰҒА академигі, қазылар алқасының тең төрағасы Асқар Жұмаділдаев астаналық оқушылардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді. Елордалық оқушылар түрлі деңгейдегі пәндер бойынша олимпиадаларда ұдайы жүлделі орындар алады. Соның ішінде төртеуі оқушылар арасындағы Дүниежүзілік олимпиадаларға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшесі болып табылады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА