22.11.2024

Елбасы: Жастарға ақылым – білім алуға тырысу керек

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында мәлім еткен.

«Менің жастарға беретін ақылым – ең алдыменен білім алуға тырысу керек. Мынау өмір деген қиын. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай бабамыздың айтып кеткен сөзі бар. Жастарды еңбекке баулуымыз керек, білімге баулуымыз керек. Өзіңнің еңбегіңмен, біліміңмен тапсаң, өзің де жақсы боласың, жанұяңды да асырайсың, ешкімге барып тіленбейсің. Жалпы Қазақстанның жанұялары бұл мәселеде ойлануы керек. Араңдатуға ешқашан көнбеуі керек. Барлығымыздың ойымыз – елдің амандығы, жұрттың тыныштығы. Қазақстанымыздың тәуелсіздігі мәңгі болсын деп ойлауымыз керек. Сонда бізде де, келер ұрпағымызда да барлығы болады. Ел сыйлайды, дүниежүзі сыйлайды», деді Елбасы «Хабар» арнасына берген арнайы сұхбатында.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА