22.11.2024

Кітап оқысаң, сыйлыққа – велосипед!

Жуырда Май ауданында жолсапарда болғанда Малайсары ба­тыр ауылындағы мектепке кі­­реберістен «Көп оқысаң, сый­лық­қа – велосипед!» деген жазу кө­зімізге түскен еді.

– Оқушыларымыз сабақтан тыс уақытта әдеби кітап, оның ішінде қазақ жазушыларының шығармаларын оқуды күнделікті әдетке айналдырса дейміз. Ер­тең­­нен кешке дейін ұялы теле­фонға телміретіндердің са­бақ қарауға, сабақ оқуға ынтасы азаятынын байқап жүрміз. Сон­дықтан осындай игі шараны бастап кеттік, – дейді Анар Жетібаева.

Сөйтіп мектеп басшылығы қойған талаптар биігінен та­былған 8-сынып оқушылары Аида Ахметжан, Ризагүл Жақыпова, Ер­сайын Баянбек сыйлыққа велосипед алған алғашқы жеңім­паздар атаныпты. Ал жүлделерге берілетін 10 велосипедті мектеп түлегі кәсіп­кер басшы Серік Ша­­хажанов сыйға тартқан екен. Енді 7 велосипед өз иелерін күтіп тұр.

Ал мектеп директоры Анар Жетібаеваның айтуынша, вело­сипедтерді ұтып алу үшін арнайы талаптар бар. Яғни, мектеп оқушыларының оқыған әдеби кітаптарды оқу жылдамдығы, мазмұнын айтып беруі, кейіпкерлерге талдау жасауы ескеріледі.

Бір қуанарлығы, басқа да мектеп түлектері, Қамқоршылық ке­ңе­­сінің төрағасы Бекен Жұма­бе­ковтің басшылығымен шахмат, тоғызқұмалақ ойында­ры, информатика кабинеттерін жабдықтап беріпті.

– Ауылдың «Арман», «Мә­ди», «Қазанғап» шаруа қожа­лықтары және Темірболат Га­лиев, Мұ­рат Шайхымулда, Қуаныш Нұр­ғо­жин, Қанат Сер­ғазиндер секілді жеке кәсіп­керлері 1-4 сынып оқу­шыларын тегін тамақпен қамта­масыз етуде. Кәсіпкер Бекболат Қа­сен­ұлы үздік оқу­шыларға ақша­лай стипендия беруде, – дейді мектеп директоры.

Оқушылар енді алдағы ай­ларда өтетін Абай, Оралхан, Ма­­­­хамбет, Мұқағали, Мағжан, Ма­лайсары батыр оқуларына да­йын­дықты бастап кетіпті.

Фарида БЫҚАЙ
Павлодар облысы,
Май ауданы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА