22.11.2024

«Ұлт тарихы оқушы көзімен» шығармашылық бәйге қортындысы

Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түркілер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміз жылнамасындағы маңызы зор, мерейлі мереке екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай жылнаманы айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мерекеге айналдыру барша Қазақ азаматының қасиетті борыштарының бірі. Біз, Қазбілім (kazbilim.kz) порталы, айтулы күнге орай барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық бәйге жарияған еді.
Шығармашылық бәйгенің мақсаты – жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, Елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көз қарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.
Шығармашылық бәйгеге шығарма қабылдау 18 ақпаннан басталып, 5 сәуір аралығында жалғасты. Порталымызға 30 ға жуық, әр жанрдағы, әр деңгейдегі шығармалар келіп түсті. Шығармалар тұрақты порталдың оқушы ойы бөлімінде жарияланды. Шығармашылық бәйгеге келіп түскен шығармаларды әділ қазылар алқасы қарап шығып мынадай қортындыға келді:

Бас жүлдеБакира Олжас. Дәуір келбеті. 30 мың теңге ақшалай силық және дипломмен мапапатталады.
Бірінші орын – біреу. Ерболғанова Жадыра. Азаттықты аңсаған Алаш арыстары. 20 мың теңге ақшалай силық және дипломмен марапатталады.
Екінші орын – Электронды қазақ үй және дипломмен марпатталады.
Жанібекова Айкүміс. МЕН – АЛАШПЫН
Құрбанәлі Аманкелдіұлы. Елдік

Үшінші орын – дипломмен және қосымша силықтармен марапатталады.
Ыбырай Жұматай. Тастүлек
Жақсылық Ақтілек. Мәңгілікке жалғасқан достық
Дулати Еңсенов. Рейхстагқа ту тіккен қазақ

Ынталандыру – марапат қағазымен және қосымша силықтармен марапатталады.
Амалбек Айгерім. Шындықтың шырақшысы
Аманжолов Таулан. Тарих сабағындағы ой
Айтолқын Асхатқызы. Шындыққа айналған болжам

Шығармашылық бәйгенің демеушісі: “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығы.

Шығармашылық бәйгенің марапаттау рәсімі 16 сәуір күні сағат 13:00 де Астана қаласы №73 физика-техникалық мектебінде өтеді. Марапаттауда қазылар алқасында болған танымал ақындар Серікзат Дүйсенғазин, Қалқаман Сарин, Ықылас Ожайұлы, Ербол Алшынбайұлы, Бейсен Ахметұлы, Жақсылық Орынбасар және сайттың бас редакторы Аятжан Ахметжан оқушыларды өлеңімен сусындатып, қатысқан оқушыларға өз кітаптарын сиға тарпақ.
Ескерту: Өзге облыстардан Астанаға марапаттауға келе алмаған жүлделі оқушылардың жүлдесі почта арқылы мектебіне жіберіледі.
Шығармалар туралы қазылардың пікірі алдағы уақытта жарияланады. Жүлделі шығарма авторларын шын жүректен құттықтаймыз!

-ЖАРНАМА-spot_img

4 COMMENTS

  1. Күтпеген тосын сый
    Құрметті Қазбілім порталы және әділ қазы алқасы! Мен бүгін күтпеген тосын сыйға тап болдым. Алғаш рет массагет порталынан шығармалар байқауын оқып, шын ниетпен жүлделі орындардың біріне ие болсам бас қаламыз Астананы көріп, сіз сияқты зиялы азаматтардың қолынан марапатталу арманым еді. Міне, сол арманым орындалды, алайда уақыт тапшылығына байланысты бұл мүмкіндіктің сәті түспей тұр. Алдағы уақытта арман қала Астанаға тағы бірде барармын деген ой келді. Себебі, 16 сәуір күні халық ақыны Әселхан апамызбен кездесуде өлең оқимын, 18 сәуір күні тағы аудандық ғылыми жоба жарысына қатысамын. Сіздерге алғысым шексіз. Шығармашылық табыс тілеймін! Жазғы демалыс кезінде осындай байқаулар ұйымдастырылса, еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты, дарынды жастармен танысар едік…

    • иә, сенімен толыктай келісемін және жеңісіңмен құттықтаймын!

  2. Құрметті сайт ұжымы! Менің кішкентай ғана еңбегімді, шығармамды ескеріп жүлдеге ұсынғандарыңызға өте қуаныштымын! Менің де арманым көктемгі Астананы көріп, сіздер сияқты зиялы жандармен, еліміздің түпкір түпкірінен келген оқушылармен танысу арманым еді… Ендігі арманымның орындалғанына қуаныштымын

  3. Мен Жақсылық Ақтілек, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы №19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназияның 6 сынып оқушысымын. “Ұлт тарихы оқушы көзімен” атты шығармашылық бәйгеге “Мәңгілікке жалғасқан достық” атты шығарма жарияланған болатынмын. Түрлі жағдайларға байланысты Астана қаласына 16 сәуірде бара алмадым. Сыйлақтар мен дипломымды қалай алсам болады. Мектепке жолдайсыздар ма әлде барып алу қажет пе екен? Сіздерге үлкен рахмет алдағы уақытта да осындай бәйгелер жариялап тұрсаңыздар болар еді. Сұрағыма жауап берсеңіздер екен.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА